Жарнама
Жарнама

Қанат Ислам федерацияда Қайрат Сәтжановпен бірге жаңа жобалар бастайтынын айтты

Редактор
Бүгін, 17:58

Боксшы Астанаға келген. 

Видеодан алынған кадр

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам елордада жұмысын бастап, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті, ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Қайрат Сәтжановпен бірлескен жобаларды қолға алатынын мәлімдеді.

Спортшы бұл туралы жанкүйерлеріне арнаған үндеуінде айтты:

«Ассалаумағалейкум, құрметті жанкүйерлер! Бүгін Астанаға келіп, жұмысымды бастадым. Құдай қаласа, Қайрат ағамен кездесіп, алдағы жоспарларды талқыладық. Болашақта бірге жұмыс істейміз. Қазақстан спорты мен боксын дамытуға бағытталған ауқымды жоспарларымыз бар. Ағамызды көргеніме қуаныштымын», – деді Ислам.

Айта кетейік, 24 наурыз күні Қанат Ислам ресми түрде Қазақстан жастар құрамасының (U19) үйлестірушісі қызметіне тағайындалған болатын. Сонымен қатар оның WBA Fedecaribe тұжырымы бойынша чемпион деген атағы бар. Әуесқой мансабында Қытай құрамасы сапында өнер көрсетіп, Бейжің Олимпиадасының, әлем чемпионаты мен Азия ойындарының қола жүлдегері атанған.

Ал Қайрат Сәтжанов 10 қаңтарда ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кеткен еді. Оның орнына Нұржан Насанов тағайындалды.

Реклама
Реклама