Жарнама
Жарнама

Теренс Кроуфорд Жәнібек Әлімханұлына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Редактор
31.03.2026, 23:52

Ол тағы бір салмақта чемпион атанғысы келген. 

instagram.com/janibek_alimkhanuly

Бұрын үш салмақ дәрежесінде абсолютті әлем чемпионы атанған америкалық боксшы Теренс Кроуфорд қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізу туралы жоспары болғанын мәлімдеді.

Атақты спортшының айтуынша, Жәнібек орта салмақта WBA белбеуін жеңіп алғаннан кейін 160 фунтқа түсіп, тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізуді көздеген. Алайда қазақстандық боксшының допинг дауына ілігуі жоспардың жүзеге асуына кедергі болған.

«Мен 160 фунтқа түсіп, тағы да тарих жазамын деп ойладым. Алты дүркін чемпион атанғым келді. Алайда Жәнібек допинг-тестілеуден өте алмайды қалды. Оның Лараны жеңіп, үш титулды біріктіретін шамасы бар еді. Бірақ сол келеңсіз жағдай жоспарымның бәрін бұзды», - деді Кроуфорд Jai McAllister: BOXING & MMA YouTube арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы IBF және WBO тұжырымдары бойынша чемпион бола тұра, 2025 жылдың 7 желтоқсанында WBA белбеуінің иегері кубалық Эрисланди Ларамен біріктіру жекпе-жегін өткізуі тиіс еді. Алайда айқас алдында қазақстандық боксшының допинг сынамасы оң нәтиже көрсетіп, кездесу өтпей қалды.

Кейін IBF ұйымы Әлімханұлын чемпиондық белбеуден айырып, 2026 жылдың желтоқсанына дейін жарыстардан шеттетті. Ал WBO оны бір жылға дисквалификациялағанымен, чемпиондық атағын сақтап қалды.

Айта кетейік, Теренс Кроуфорд 2025 жылдың 17 желтоқсанында кәсіпқой бокстағы мансабын ресми түрде аяқтағанын жариялаған еді.

Реклама
Реклама