Жарнама
Жарнама

Өзбекстанның көшбасшы боксшыларының бірі Азия чемпионатында жеңіліп қалды

Редактор
Бүгін, 10:56

Ол бұған дейінгі сары құрлық біріншілігінде топ жарған. 

olympic.uz

Өзбекстан құрамасының 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын боксшысы Асилбек Жалилов Азия чемпионатында күтпеген жерден жеңіліп қалды.

Ұланбатырда (Моңғолия) өтіп жатқан құрлық додасының 1/8 финалында Жалилов жапониялық Даити Иваимен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жек қорытындысында төрешілер жеңісті 4:1 есебімен Иваиге берді. Осылайша, жапон боксшысы ширек финалға жолдама алса, өзбекстандық спортшы медаль үшін күресті ерте аяқтады.

Бұл салмақта Қазақстан атынан Санжар Тәшкенбай бақ сынайды. 

Айта кетейік, Асилбек Жалилов – көрші ел сапындағы тәжірибелі әрі титулды боксшылардың бірі. Ол 2024 жылы Таиландта өткен Азия чемпионатында (ASBC және IBA нұсқасы бойынша) чемпион атанған. Ал 2025 жылы Дубайда (БАӘ) өткен әлем чемпионатында қола медаль иеленген болатын.

 

Реклама
Реклама