Жарнама
Жарнама

«Айдан анық»: танымал промоутер Жәнібек Әлімханұлының белбеуін тартып алуды ұсынды

Редактор
02.04.2026, 15:02

Ол 4 сәуір күні өтетін айқасқа қатысты пікір білдірді. 

x.com/NoSmokeBoxing

Белгілі промоутер Фрэнк Уоррен орта салмақтағы чемпиондық белбеуге қатысты пікір білдіріп, Жәнібек Әлімханұлының WBO тұжырымы бойынша титулын сақтап қалуына қарсы екенін айтты.

Айта кетейік, Уорреннің командасындағы боксшы Дензел Бентли 4 сәуір күні Эндри Сааведрамен уақытша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді. Алайда промоутер бұл айқас толыққанды чемпиондық белбеу үшін өтуі тиіс еді деп есептейді.

«Әлімханұлынан белбеуді тартып алу керек еді. Бұл айдан анық дүние. Дисквалификация мерзімі аяқталған соң Жәнібек осы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі деп үміттенемін», – деді Уоррен BoxingScene-ге берген пікірінде.

Еске салайық, 2025 жылдың желтоқсан айының басында Әлімханұлының допинг сынамасынан 2016 жылдан бері тыйым салынған мельдоний табылған. Сондықтан ол WBA чемпионы Эрисланди Ларамен жоспарланған біріктіру жекпе-жегінен шеттетілді. Кейін тексеріс қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы IBF белдігінен айырылып, WBO титулын сақтап қалды. Сонымен қатар ол осы жылдың желтоқсанына дейін жарыстардан шеттетілді.

Реклама
Реклама