Ермахан Ыбырайымовтың бұл пікірі спорт жанкүйерлері арасында ерекше қызығушылық тудырды.
Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымов жас боксшылар арасынан марқұм Бекзат Саттархановқа ұқсайтын талантты спортшыны атады.
Атақты боксшының айтуынша, ол әлем чемпионы Төрехан Сабырханға арнайы бата берген.
«100% сенімді түрде айтамын. Төрехан Сабырханның түр-келбеті де, бойының ұзындығы да Бекзат Саттархановқа келеді. Мен оған: “Сен аумайсың Бекзат Саттархановтан. Сөйлеген әңгімең де, жүріс-тұрысың да, еңбекқорлығың да, талантың да — бәрі Бекзатқа ұқсайды. Олимпиада чемпионы бол!” деп, батамды бердім», — деді Ермахан Ыбырайымов.
Ермахан Ыбырайымовтың бұл пікірі спорт жанкүйерлері арасында ерекше қызығушылық тудырды. Қазақ боксының аңыздарының бірі Бекзат Саттархановпен салыстыру – жас спортшы үшін үлкен баға.
Төрехан Сабырхан бүгінде қазақ боксының болашағынан зор үміт күттіретін былғары қолғап шеберлерінің бірі саналады.