Жарнама
Жарнама

Моңғолия боксшысы Әйгерім Сәттібаеваны жартылай финалда тоқтатты

Редактор
Бүгін, 09:47

Шешуші раундта екі боксшы да сәтті соққыларымен көзге түсті.

Бокс федерациясы

2026 жылғы бокстан Азия чемпионаты аясында Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан жарыста жартылай финалдық жекпе-жектер басталды.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы Әйгерім Сәттібаева финал жолдамасын моңғолиялық Номундари Енх Амгаланмен сарапқа салды.

Жекпе-жек өте тартысты өтті. Кездесу барысында алаң иесі белсенділік танытқанымен, Айгерім де лайықты қарсылық көрсетті. Екінші раундтан кейін төрешілердің үшеуі есепті тең (19:19) деп бағаласа, екеуі моңғолиялық спортшыны алға шығарды (20:18).

Шешуші раундта екі боксшы да сәтті соққыларымен көзге түсті. Алайда қорытындысында төрешілер бірауыздан жеңісті Номундари Енх Амгаланға берді. Осылайша, қазақстандық боксшы турнирдің қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, Әйгерім Сәттібаева осы чемпионатта сенсациялық нәтиже көрсетіп, ширек финалда Өзбекстанның басты фавориттерінің бірі Сабина Бобокулова үстінен жеңіске жеткен еді.

Реклама
Реклама