Жарнама
Жарнама

Сабыржан Аққалықов моңғол боксшысын өз жерінде нокаутпен жеңді

Редактор
Бүгін, 12:03

Алтын медаль үшін ол Өзбекстан боксшысы Жавохир Абдурахимовпен кездеседі.

Бокс федерациясы

Моңғолия астанасы Ұланбатырда өтіп жатқан бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін) жартылай финалда жеңіске жетіп, шешуші кезеңге жолдама алды.

Қазақстандық боксшы жартылай финалда алаң иесі Далай Ганзоригпен қолғап түйістірді. Кездесу басталған сәттен-ақ Сабыржан басымдықты өз қолына алып, бірінші раундта қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді. Екінші раундта да Аққалықовтың айқын үстемдігі байқалып, төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатты. Нәтижесінде отандасымыз техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Сабыржан Аққалықов Азия чемпионатының финалына шықты. Алтын медаль үшін ол Өзбекстан боксшысы Жавохир Абдурахимовпен кездеседі.

Еске салсақ, бұған дейін әйелдер арасындағы 48 келіге дейінгі салмақта Әйгерім Сәттібаева жартылай финалда моңғолиялық Номундари Енх-Амагланнан жеңіліп, жарыстың қола жүлдегері атанған еді.

7 сәуір күні Қазақстан құрамасынан тағы бірнеше боксшы жартылай финалда шаршы алаңға шығады. Атап айтқанда, 85 келіде Нұрбек Оралбай моңғолиялық Бариахан Доржбен, ал аса ауыр салмақта Айбек Оралбай түрікменстандық Довлет Исламовпен жұдырықтасады. Сондай-ақ кешкі сессияда 60 келіде Оразбек Асылқұлов өзбекстандық Абдурахмон Махмуджоновпен, 90 келіде Сағындық Тоғамбай өзбекстандық Халимжон Мамасолиевпен кездеседі.

Реклама
Реклама