Азия біріншілігі 2026 жылғы 28 наурыз бен 11 сәуір аралығында Ұланбатырда өтті.
Моңғолия астанасы Ұланбатырда өткен World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы медаль кестесінде бірінші орынға ие болды. Ел боксшылары құрлық додасын 6 алтын, 2 күміс, 5 қола жүлдемен аяқтады. Азия біріншілігі 2026 жылғы 28 наурыз бен 11 сәуір аралығында Ұланбатырда өтті.
Жалпы есепте Қазақстан құрамасы көш бастаса, екінші орынға Үндістан (5 алтын, 3 күміс, 8 қола), үшінші орынға Өзбекстан (3 алтын, 4 күміс, 4 қола) тұрақтады.
2026 жылғы Азия чемпионатының медаль кестесі:
Қазақстан сапынан алтын медальді Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Айбек Оралбай (+90 келі), Надежда Рябец (80 келі) және Дина Исламбекова (+80 келі) жеңіп алды. Күміс жүлдеге Төрехан Сабырхан (70 келі) мен Бақыт Сейдіш (70 келі) қол жеткізді. Ал Махмұд Сабырхан (55 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), Әйгерім Сәттібаева (48 келі) және Валентина Хальзова (70 келі) қола жүлдегер атанды.