Жарнама
Жарнама

«Мың доллардың оқиғасы»: Сабыржан Аққалықовтың бапкері шәкіртін қалай жігерлендіргенін айтты

Редактор
Бүгін, 18:35

Боксшы Азия чемпионатында топ жарды.

instagram.com/akkalykov_sabirzhan

Бокстан 2026 жылғы Азия чемпионы атанған Сабыржан Аққалықовтың жеке бапкері Александр Насибулин шәкіртін жаттығудан бөлек тағы қалай жігерлендіргенін айтты.

Қазақстан бокс федерациясы баспасөз қызметінің жетекшісі Назерке Сұлтанбекке берген сұхбатында бапкер шәкіртін қаржымен қалай ынталандырғанын түсіндіріп берді.

«Жақсы жұмысқа жақсы ақша төлеуге дайынбыз», – дейді Александр Насибулин.

Оның айтуынша, бұл тек сөз жүзіндегі қолдау емес, нақты келісімге негізделген мотивация болған.

«Бастапқыда-ақ шарт қойдық: жеңсе – мың доллар беремін, жеңілсе – маған екі мың қылып қайтарады. Жеңсең – аласың, жеңілсең – еселеп қайтарасың. Әділ ғой», – деді ол.

Бұл келісім чемпионатқа дейін жасалған.

Әңгіме барысында Насибулиннің шәкіртіне жеңісіне сенімі болғаны да байқалды. Себебі қаржылай сыйақысын алдын ала дайындап қойыпты.

«Шынымды айтсам, екі мың аламын деп үміттендім (күледі). Бірақ мың долларды беруге тура келді. Дегенмен бұл – жігіттерді аз да болса қолдау. Біз үшін ештеңе емес», – деді ол.

Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов Ұланбатырда өткен Азия чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақта топ жарып, Қазақстан қоржынына алтын медаль салған еді.

Реклама
Реклама