Допинг дауына қарамастан Әлімханұлы әлемдік ТОП-5-ке кірді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Boxing Metrics нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P) әлемнің үздік боксшыларының қатарына енді, деп хабарлайды Sports.kz.
Жаңартылған рейтингте ол бесінші орынға тұрақтап, әлемдік бокстың элитасындағы орнын сақтап қалды. Әлімханұлы бұл тізімде атақты боксшылар — Дмитрий Бивол мен Сауль «Канело» Альварестен де жоғары тұр.
Айта кетейік, соңғы уақытта қазақстандық боксшы допинг дауына байланысты назарға ілікті. Мельдонийге тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткен соң, ол 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін жекпе-жектерден шеттетілді. Осыған байланысты IBF ұйымы оны чемпиондық белбеуден айырып, рейтингтен шығарды. Ал WBO тұжырымы бойынша чемпиондық атағы әзірге Әлімханұлының еншісінде қалып отыр.
Жәнібек соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың 5 сәуірінде өткізіп, франциялық Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Сол кездесуде ол WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғады.
Boxing Metrics нұсқасы бойынша толық P4P рейтингі: