Жарнама
Жарнама

Басы даудан арылмаған Иман Хелиф кәсіпқой бокста сәтсіздікке тап болды

Редактор
14.04.2026, 18:21

Боксшы жекпе-жекке санаулы күн қалғанда жаттығу барысында жарақат алған

Getty Images

Алжирлік Олимпиада чемпионы Иман Хелифтің кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегі өтпейтін болды.

Боксшы жекпе-жекке санаулы күн қалғанда жаттығу барысында жарақат алған. Оның шаршы алаңға оралуы 23 сәуірге жоспарланған еді. Қарсыласы ретінде германиялық Юлия Игель бекітілген болатын.

Жекпе-жекке он күн қалғанда Хелиф әлеуметтік желіде ұйымдастырушылардың ресми мәлімдемесін жариялады. Онда 2026 жылғы 23 сәуірде Ваграм залында өтуі тиіс әйелдер боксының кеші кейінге шегерілгені хабарланды. Мұндай шешім Париждегі жаттығу кезінде алған жарақатқа байланысты қабылданған. 13 сәуірде жүргізілген медициналық тексеріс нәтижесінде спортшының сол иығында ауырсыну байқалып, қозғалыс мүмкіндігі шектелгені анықталған.

Айта кетейік, тек Хелиф пен Игель арасындағы жекпе-жек қана емес, осы кеш аясында өтуі тиіс барлық кездесулер де кейінге қалдырылды. Бағдарламада Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) нұсқасы бойынша екі чемпиондық айқас жоспарланған еді.

Еске салайық, Париж олимпиадасындағы даулы жеңісінен кейін Иман Хелиф әлі күнге дейін әуесқой да, кәсіби рингте де жекпе-жек өткізбеген.

Реклама
Реклама