Жарнама
Жарнама

Назым Қызайбай Әлем кубогының ширек финалына өте алмады

Редактор
Бүгін, 08:49

Төрешілер жеңісті 4:1 есебімен қарсыласқа берді

Әлеуметтік желі

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing Cup турнирінің алғашқы кезеңінде жарысты аяқтады.

54 келі салмақ дәрежесінде өткен 1/8 финалда қазақстандық спортшы Польша өкілі Виктория Рогалиньскамен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған жекпе-жек қорытындысында төрешілер жеңісті 4:1 есебімен қарсыласқа берді.

Осылайша, Виктория Рогалиньска турнирдің ширек финалына жолдама алса, Назым Қызайбай жарыс жолынан шығып қалды.

Реклама
Реклама