Бетербиев соңғы жекпе-жегінде Дмитрий Биволге жол берген еді
Бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Артур Бетербиев The Ring журналының барлық салмақ дәрежесі бойынша (P4P) рейтингісіндегі үздік ондықтан шығып қалуына қатысты пікір білдірді.
41 жастағы боксшы бұл өзгеріске мән бермейтінін айтып, рейтингтерге әрдайым сабырмен қарайтынын жеткізді.
«Шынымды айтсам, қазір басқа істермен айналысып жүрмін, сондықтан рейтингте не болып жатқанын да қарамаппын. Жалпы рейтингтерге бұрыннан аса көңіл бөлмеймін. P4P-те бәрі қарапайым: егер бір жылдан аса уақыт жекпе-жек өткізбесең, сені тізімнен алып тастайды — бұл қалыпты жағдай. Оған қоса, салмақ дәрежесін ауыстырсаң да шығып қалуың мүмкін. Рейтинг деген тұрақсыз нәрсе: бүгін барсың, ертең жоқсың, кейін қайта кіресің. Сондықтан уайымдайтындай ештеңе жоқ», — деді Бетербиев «Матч ТВ»-ға берген сұхбатында.
Еске салайық, Бетербиев соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың ақпанында Эр-Рияд қаласында өткізіп, реваншта Дмитрий Биволге жол берген еді. Осы жеңілістен кейін ол жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағынан айырылды.