Жарнама
Жарнама

Сабуров қазақстандық бапкерге Усиктің сыйлығын табыстады

Редактор
Бүгін, 14:20

Нұрлан Сабуров кезінде өзі жаттығып, бокспен айналысқан залға барды

Видеодан кадр

Қазақстандық танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров Степногорск қаласына арнайы барып, халықаралық бокс турнирінің құрметті қонағы болды.

Еңбек сіңірген бапкер Владимир Камашовты еске алуға арналған дәстүрлі жарыс барысында ол жас боксшыларға қолдау көрсетіп, жеңімпаздарға сыйлықтар табыстады.

Журналист Ерзат Серғазиннің айтуынша, Сабуров өзінің бұрынғы бапкері Мақсұт Әділбаевқа ерекше тарту жасаған. Ол оған ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усиктің қолтаңбасы бар бокс қолғаптарын сыйға тартқан. Сонымен қатар, турнир жеңімпаздарының барлығына сапалы қолғаптар үлестірді.

Айта кетерлігі, дәл осы жарыс өткен залда кезінде Сабуровтың өзі де жаттығып, бокспен айналысқан.

Сондай-ақ турнир барысында Азия ойындарының чемпионы Нұржан Каримжанов құрмет белгісі ретінде Сабуровқа қазақы шапан жапты.

Реклама
Реклама