Жарнама
Жарнама

«Белбеуден бас тарт». Ресейлік үміткер қазақстандық чемпионды сынға алды

Редактор
19.05.2026, 13:41

Ресейлік спортшы Харон Запольский Армат Арманұлын жекпе-жекке шақырды

коллаж: 1bol.kz

Қазақстандық боксшы Армат Арманұлына ресейлік спортшы Харон Запольский жекпе-жек өткізуге ұсыныс жасады.

Орта салмақта WBA Asia белбеуіне үміткер саналатын ресейлік боксшы қазақстандық чемпионға ашық түрде үндеу жасап, титул үшін айқасқа шақырды.

«Чемпиондар бұлай әрекет етпеуі керек. Менің атым – Харон Запольский. Мен WBA Asia белбеуіне міндетті үміткермін. Армат, саған жекпе-жекке шақыру тастаймын. Сенің еліңе де баруға дайынмын, өз жерімде де айқас өткізуге әзірмін. Не жекпе-жекті қабылда, не белбеуден бас тарт», – деді ресейлік боксшы.

Сондай-ақ Запольский Арманұлының соңғы жекпе-жектен кейінгі әрекетін сынға алды. Оның айтуынша, қазақстандық боксшы чемпионға тән емес қылық көрсеткен.

Айта кетейік, Армат Арманұлы соңғы кездесуін Гонконгте өткізіп, түркиялық Кенан Гүзелді нокаутпен жеңген болатын. Жекпе-жектен кейін қазақстандық спортшы ринг үстінде би билеп, жанкүйерлер назарын аударған еді.

Осы жеңістің арқасында Арманұлы орта салмақтағы WBA Asia чемпиондық белбеуін сәтті қорғап қалды. Қазіргі таңда оның кәсіби мансабында алты жеңіс және бір жеңіліс бар.

Реклама
Реклама