Жарнама
Жарнама

Геннадий Головкин Александр Усиктің жекпе-жегі үшін Мысырға арнайы барды

Редактор
23.05.2026, 10:07

Усикке тиесілі WBC, WBA белбеулері сарапқа салынады

әлеуметтік желі

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті әрі World Boxing ұйымының басшысы Геннадий Головкин Мысырдың Гиза қаласында өтіп жатқан ірі бокс кешіне арнайы барды.

DAZN стриминг платформасы жариялаған видеода қазақстандық аңыздың кеш өтетін аренаға келген сәті көрсетілген. Головкинді бұл сапарда туған інісі Максим Головкин бірге алып жүр.

«Головкин келді. Қазір Гиза аңыздарға толы», — деп жазды DAZN әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бүгін түнде Гизада аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усик пен нидерландтық кикбоксинг жұлдызы Рико Верхувен арасында жекпе-жек өтеді. Кездесу бокс ережесі бойынша ұйымдастырылып, тарихи кеш Мысыр пирамидаларының маңында арнайы орнатылған рингте өтпек.

Жекпе-жекте Усикке тиесілі WBC, WBA және The Ring нұсқалары бойынша әлем чемпиондық белбеулері сарапқа салынады.

Кеш Сауд Арабиясының ойын-сауық басқармасының төрағасы Турки әл аш-Шейхтің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Ал Рико Верхувен бұған дейін Питер Фьюридің залында жаттығып, Тайсон Фьюридің спарринг-серіктесі болғаны белгілі.

Реклама
Реклама