Он раундтың нәтижесінде нидерландтық боксшы басым болған
Мысырда жылдың басты спорттық оқиғаларының бірі мәресіне жетті. Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақтағы украиналық Александр Усик нидерландтық Рико Верхувенмен жұдырықтасып, 11-раундта нокаутпен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Усиктің бұл – кәсіпқой рингтегі 25-ші жекпе-жегі. Украиналық боксшы оның бәрінде жеңіске жеткен, 16-сы нокаутпен. Ал, 37 жастағы Верхувен болса негізінен кикбокс спортының өкілі. Ол кәсіпқой бокста небәрі екінші жекпе-жегін өткізіп отыр. Бұған дейінгі дебютінде нокаутпен жеңіске жеткен болатын.
Аса ауыр салмақта өткен кездесуде WBC тұжырымының белбеуі сарапқа салынды. Яғни, Усик осынау титулын қорғады. Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланып, 11-раунд аяқталар тұста төрешінің араласуымен тоқтатылды.
Айта кету кету керек, он раунд бойы Верхувен Усикті тығырыққа тіреп, ұпай саны бойынша әлдеқайда озып кеткен болатын. Ал, 11-ші раундта нидерландтық боксшы шаршағанын білдіргені сол екен, тәжірибелі қарсыласы оны ринг арқанына тақап қойып тоқтаусыз сабады. Рефери матчты тоқтатып, техникалық нокаут тіркеді.