Жарнама
Жарнама

Дмитрий Бивол германиялық боксшыны жеңіп, чемпиондық белбеулерін сақтап қалды

Редактор
Бүгін, 09:29

Үш төреші де жеңісті ресейлік спортшыға 120:107 есебімен берді

championat.com

Ресейлік боксшы Дмитрий Бивол Екатеринбургте өткен кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде Германия өкілі Михаэль Айфертті жеңіп, чемпиондық белбеулерін сақтап қалды.

Жартылай ауыр салмақта (79,4 келіге дейін) өткен кездесу толық 12 раундқа созылды. Бивол алғашқы раундтың өзінде қарсыласын нокдаунға түсіргенімен, Айферт жекпе-жекті жалғастырып, соңына дейін лайықты қарсылық көрсетті.

Соған қарамастан, кездесудің қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан Дмитрий Биволдың басымдығын мойындады. Үш төреші де жеңісті ресейлік спортшыға 120:107 есебімен берді.

Осылайша, 35 жастағы Бивол WBA және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атақтарын сәтті қорғады. Бұған қоса, оның еншісінде WBO чемпиондық белбеуі де бар.

Бұл жекпе-жек Бивол үшін отандасы Артур Бетербиевпен өткен қос кездесуден кейінгі алғашқы айқас болды. Еске салсақ, олардың алғашқы жекпе-жегінде Бивол жеңілсе, реваншта жеңіске жеткен еді.

Кәсіпқой рингтегі мансабында Дмитрий Бивол енді 25-жеңісіне қол жеткізді. Оның 12-сі мерзімінен бұрын аяқталған.

Ал IBF нұсқасы бойынша міндетті үміткер болған 28 жастағы Михаэль Айферт кәсіби мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады. Оның еншісінде 13 жеңіс бар, оның бесеуі нокаутпен келген.

Реклама
Реклама