Жарнама
Жарнама

Әлем кубогы: Бүгін Назым Қызайбай бастаған 6 боксшы рингке шығады

Редактор
Бүгін, 08:00

Қытайдың Гуйян қаласында  World Boxing Әлем кубогы өтіп жатыр

ҰОК

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогында 16 маусым күні Қазақстан құрамасының алты өкілі жекпе-жек өткізеді.

Күннің алғашқы сессиясы Қазақстан уақыты бойынша сағат 08:00-де басталады. Бұл сессияда 65 келі салмақтағы Санатәлі Төлтаев 1/16 финалда Әзербайжан боксшысы Малик Хасановпен кездеседі. Сондай-ақ 75 келіге дейінгі салмақта Тимур Нұрсейітов 1/8 финалда ирландиялық Тадхг Одонеллмен күш сынасады.

Күндізгі бағдарлама сағат 13:00-де жалғасады. 55 келі салмақтағы Тимур Қабдешов турнирді 1/16 финалдан бастап, бразилиялық Келви Триндадқа қарсы жұдырықтасады.

Ал әйелдер арасындағы 54 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Назым Қызайбай ширек финал жолдамасы үшін Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, оңтүстіккореялық Им Э Джимен қолғап түйістіреді.

Кешкі сессия сағат 17:00-де басталады. 70 келі салмақтағы Лаура Есенкелді 1/8 финалда испаниялық Униа Мартинез Маспен кездеседі.

Күннің басты жекпе-жектерінің бірі 90 келіге дейінгі салмақта өтеді. Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай ширек финалда Өзбекстанның әлем чемпионы Тұрабек Хабибуллаевпен күш сынасады.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай турнирдің алғашқы жекпе-жегінде оңтүстіккореялық Ким Гичхэні техникалық нокаутпен жеңіп, ширек финалға жолдама алған болатын.

Реклама
Реклама

Материалда: