Отандасымыз 3 раундта да басымдық танытып, 4:1 есебімен басым түсті
Үш дүркін әлем чемпионы, 54 келіге көтерілген Назым Қызайбай 1/8 финалда осы салмақтың басты фавориттерінің бірі, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Им Э Джимен (Оңтүстік Корея) жолықты.
Отандасымыз 3 раундта да басымдық танытып, 4:1 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ Қазақстан чемпионы, 70 келіде алғаш рет жұдырықтасуға шешім қабылдаған Лаура Есенгелді 1/8 финалда Униа Мартинез Маспен (Испания) кездесіп, еш қиындықсыз барлық раундты өз еншісіне жазды. Есеп: 5:0.