Жарнама
Жарнама

Абылайхан Жүсіпов әлем кубогында алғашқы қарсыласын жеңді

Редактор
Бүгін, 11:16

Ол әлем кубогының финалисі Кайан Рейеспен (Бразилия) жұдырықтасты

ҚБФ

Әлем чемпионы, 70 келідегі тәжірибелі боксшылардың бірі саналатын Абылайхан Жүсіпов 1/8 финалда өткен Әлем кубогының финалисі Кайан Рейеспен (Бразилия) жұдырықтасты.

Отандасымыз алғашқы раундтан жекпе-жекті толықтай өз бақылауында ұстап, 4:1 есебімен басым түсті.

Ал әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 60 келіде ел чемпионы саналатын Серік Теміржанов 1/8 финалда АҚШ-тың жас боксшысы Салим Еллис Беймен жолы түйісті.

Отандасымыздың бұл жекпе-жегінде төрешілер жеңісті бірауыздан қарсыласқа берді.

Реклама
Реклама