Отандасымыз әлем кубогының ширек финалында сүрінді
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, 90 келіге көтерілген Нұрбек Оралбай ширек финалда осы салмақтың көшбасшысы, әлем чемпионы Турабек Хабибуллаевпен жолы түйісті.
Қос боксшы да алғашқы раундтан аянып қалмай, ауыр соққыларымен алмасып отырды. Нәтижесінде жекпе-жектің шешуші раундында Өзбекстан боксшысы дәлдік танытып, жеңісті өз жағына бұрды. Есеп: 2:3.