Мейірім Нұрсұлтановтың титулдық жекпе-жегі қыркүйекке жоспарланды
WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы америкалық Хесус Рамос кіші қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановпен өтетін титулдық жекпе-жек туралы пікір білдірді.
Рамостың айтуынша, Нұрсұлтанов WBC рейтингінде бірінші орында тұрған міндетті үміткер болғандықтан, ол өз белбеуін дәл осы қазақстандық боксшыға қарсы қорғауы тиіс.
«Біздің қарсыласымыз белгілі – ол міндетті үміткер Мейірім Нұрсұлтанов. Ол WBC рейтингінде бірінші орында тұр, сондықтан титулды оған қарсы қорғауымыз керек. Қазір жекпе-жектің барлық егжей-тегжейі пысықталып жатыр. Мен тек оның қыркүйекте өтетінін білемін. Әзірге нақты күні мен өтетін орны жарияланған жоқ», – деді Рамос.
Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов соңғы рет шаршы алаңға 2023 жылы шыққан. Қазіргі таңда қазақстандық боксшы АҚШ-та жаттығу жиынын өткізіп, алдағы титулдық айқасқа дайындалып жатыр.