Жарнама
Жарнама

Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпионы атағынан бас тартты

Редактор
Бүгін, 11:08

Ол енді екінші орта салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді

Әлеуметтік желі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO ұйымының орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан ресми түрде бас тартып, енді екінші орта салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.

Бұл туралы WBO президенті Густаво Оливьери мәлімдеді. Оның айтуынша, қазақстандық боксшы жоғары салмаққа ауысу туралы шешім қабылдаған. Осыған байланысты орта салмақтағы уақытша чемпион Дензел Бентли енді толыққанды әлем чемпионы атанды.

«Жәнібек Әлімханұлы маған ауырлау салмақ дәрежесіне ауысатынын хабарлады. Енді ол екінші орта салмақта жұдырықтасады, ал Дензел Бентли толыққанды әлем чемпионы болады», – деді Оливьери.

Айта кетейік, бұған дейін Әлімханұлы өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында кәсіби мансабында жаңа кезең басталатынын меңзеген болатын.

«Менің бокс тарихым жақын арада бұрынғыдан да қызықты болмақ. Жаңалықтарды күтіңіздер», – деп жазған еді қазақстандық былғары қолғап шебері.

Реклама
Реклама