Жарнама
Жарнама

«Сенің салмағыңа өттім!»: Әлімханұлы Канелоны жекпе-жекке шақырды

Редактор
Бүгін, 14:46

Жәнібек Әлімханұлы енді суперорта салмақта өнер көрсететінін мәлімдеген

Әлеуметтік желі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альвареске үндеу жасады.

Қазақ боксшысы Instagram Stories бөлімінде испан және қазақ тілдерінде қысқа хабарлама жариялап, болашақта кездесуге дайын екенін аңғартты.

«Канело, мен сенің салмағыңа өттім! Біздің арамызда жабылмаған мәселе бар», – деп жазды Әлімханұлы.

Еске салайық, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы енді суперорта салмақта өнер көрсететінін мәлімдеген болатын. Дәл осы дивизионда Сауль «Канело» Альварес те жұдырықтасады.

Қазіргі уақытта қазақстандық боксшы допинг-сынамасынан оң нәтиже шыққаны үшін берілген дисквалификациясын өтеп жатыр. Оның жарыстарға қатысуға тыйым салу мерзімі биылғы желтоқсанда аяқталады.

Айта кетейік, Жәнібек бұған дейін орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанса, «Канело» соңғы жекпе-жегінде америкалық Теренс Кроуфордтан жеңіліп, суперорта салмақтағы барлық чемпиондық белбеулерінен айырылды.

Реклама
Реклама