Жарнама
Жарнама

Қазақстанның үш дүркін чемпионы ресейлік боксшымен кездеседі

Редактор
Бүгін, 19:17

Әділет Құрметов келесі жекпе-жегін 14 тамызда өткізеді

Әлеуметтік желі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, үш дүркін Қазақстан чемпионы Әділет Құрметов келесі жекпе-жегін 14 тамызда Ресейдің Набережные Челны қаласында өтетін IBA.PRO 20 халықаралық турнирі аясында өткізеді.

31 жастағы Әділет Құрметовтің қарсыласы – Ресейдің Татарстан өңірінің өкілі Амин Абдуллин. Ол – 2024 жылғы Ресей чемпионы, ел біріншілігінің екі дүркін күміс жүлдегері және жастар арасындағы Әлем кубогының финалисі.

Бұл кездесу Әділет Құрметовтің RCC HARD ұйымындағы сәтті өнерінен кейін классикалық боксқа қайта оралуы болмақ. Шілде айында ол Екатеринбургте өткен One Round гран-приінде бір кеште үш жекпе-жек өткізіп, финалда Улкан Шодибековті жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанған еді.

Әуесқой бокста Әділет Құрметов – Қазақстанның үш дүркін чемпионы, ел Спартакиадасының екі дүркін күміс жүлдегері және әлем чемпионатының қатысушысы. Кәсіпқой рингте үш жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның бір жеңісі мерзімінен бұрын аяқталған.

Айта кетейік, 2024 жылдың қарашасында Әділет Құрметов IBA Kunlun Fight World Cup турнирінде кубалық Олимпиада чемпионы Эрисланди Альвареспен кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілген болатын. Алайда бұл жекпе-жек оның ресми кәсіпқой рекордына енгізілген жоқ.

Реклама
Реклама

Материалда: