Жарнама
Жарнама

Дулат Бекбауов бұрынғы WBA чемпионын айқын басымдықпен жеңді

Редактор
Бүгін, 20:14

Бекбауов кәсіпқой рингтегі жекпе-жегінде төртінші рет жеңіске жетті

ҰОК

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде кезекті жеңісіне жетті.

Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жекте 31 жастағы қазақстандық Беларусь өкілі, бұрынғы WBA Inter-Continental чемпионы Евгений Долголевецпен қолғап түйістірді.

Сегіз раундқа жоспарланған кездесуде Бекбауов жекпе-жекті толық бақылауында ұстап, жылдамдығы мен дәл соққыларының арқасында қарсыласынан басым түсті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берді.

Осылайша, Дулат Бекбауов кәсіпқой рингтегі жекпе-жегінде төртінші рет жеңіске жетіп, рекордын 4-0 (3 нокаут) көрсеткішіне жеткізді.

Ал 35 жастағы Евгений Долголевец кәсіпқой мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады. Оның еншісінде қазір 8 жеңіс (4 нокаут) және 2 жеңіліс бар.

Айта кетейік, Дулат Бекбауов әуесқой бокста да ірі жетістіктерге қол жеткізген. Ол 2023 жылғы әлем чемпионатының және 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған.

Реклама
Реклама