Жарнама
Жарнама

Бек Нұрмағанбет ресейлік боксшыны бесінші раундта нокаутқа жіберді

Редактор
Бүгін, 20:42

Қазақстандық боксшы кәсіпқой мансабындағы 16-жеңісіне қол жеткізді

Видеодан кадр

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет Алматыда өткен бокс кешінде ресейлік Артыш Лопсанды мерзімінен бұрын жеңіп, жеңіліссіз сериясын жалғастырды.

Кештің қосалқы басты жекпе-жегінде екінші орта салмақта жұдырықтасқан қос боксшы сегіз раундқа жоспарланған кездесуде бақ сынады. Алайда жекпе-жек бесінші раундта аяқталды. Бек Нұрмағанбет қарсыласын ауыр соққымен нокаутқа жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой мансабындағы 16-жеңісіне қол жеткізіп, жеңіліссіз рекордын сақтап қалды. Оның еншісінде қазір 16 жеңіс, 14 нокаут бар.

Ал ресейлік Артыш Лопсан кәсіпқой мансабында төртінші рет жеңілістің ащы дәмін татты.

Реклама
Реклама