Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын британдық даңқты боксшы Энтони Джошуа Джиддада (Сауд Арабиясы) өткен бокс кешінде албан Кристиан Пренганы нокаутпен жеңді.
Жекпе-жек небәрі екі раундқа созылды. Бірінші раундта Джошуаның өзі екі рет нокдаун алып, жанкүйерлерін бір шошытып алған. Алайда, тез есін жиып, қарсыласын қайта тұрмастай етіп сұлатып түсірді.
36 жастағы Энтони Джошуа Лондондағы Олимпиада ойындарының чемпионы болған. Кәсіпқой бокста да сәтті өнер көрсетіп, IBF, WBA, WBO және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды. Кейін төрт рет жеңіліп, белбеулерінің бәрінен айрылып қалған. Жалпы, кәсіпқой бокстағы жеңістерінің саны отызға жетті (27-сі нокаутпен).
Оның қарсыласы Кристиан Пенга болса 20 рет жеңіске жетіп, екі рет жеңілген. Сол жиырманың бәрін нокаутпен аяқтаған екен.