Жарнама
Жарнама

Тим Цзю Эррол Спенсті жеңіп, WBA чемпионын жекпе-жекке шақырды

Редактор
Бүгін, 12:22
metaratings.ru

Даңқты боксшы Константин Цзюдің ұлы Тим Цзю кәсіпқой бокстағы жорығын жалғастыруда. Бүгін ол Сиднейде (Аустралия) кезекті жекпе-жегін өткізіп, америкалық Эррол Спенсті жеңді. 

31 жастағы Тим орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы болған. Ал, оның қарсыласы 36 жастағы Эррол Спенс – жартылай орта салмақта IBF, WBC және WBA чемпиондық белбеулерінің бұрынғы иегері.

12 раундқа жоспарланған кездесу соңына дейін өтіп, төрешілердің ортақ шешімімен Цзю жеңіске жетті, есеп – 117:111, 117:111 және 118:110.

Осылайша, Тим Цзюдің кәсіпқой бокстағы жеңістер саны 28-ге жетті, үш рет жеңілген. Ал, Спенс болса екінші рет жеңіліп отыр. Оның да еншісінде 28 жеңісі бар.

Кездесу аяқталғаннан кейін Тим Цзю WBA тұжырымының чемпионы, кубалық ардагер боксшы Эрисланды Лараны жекпе-жекке шақырды. Ал, Эррол Спенс болса осымен кәсіпқой бокстағы мансабының аяқталғанын ресми мәлімдеді. Бұған дейін ол әйгілі Теренс Кроуфордтан техникалық нокаутпен жеңілген болатын.

Реклама
Реклама