Мен жұмысымды сөзбен емес, іспен дәлелдеп үйренгем – Головкин жаңа қызметі жайында

Редактор
26.02.2024, 16:02

Ол өзінің жаңа идеялары барын айтты

Фото: olympic.kz

Ұлттық Олимпиада комитетіне президенті болып сайланған даңқты боксшы Геннадий Головкин жаңа қызметіне қатысты пікірін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін ҰОК-ты Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев басқарып келген. Мәжіліс депутаттарының сынынан кейін ол отставкаға кетті.

«Мен үшін елімізді жаңа қырымнан таныту үлкен мәртебе болып тұр. Білесіздер, мен саясаткер, шенеунік емеспін. Мен өз жұмысымды сөзбен емес, іспен дәлелдеп үйреніп қалғам. Бастысы, менде қазір өз идеяларым, көпжылдық халықаралық тәжірибе, команда және мақсатты жүзеге асыруға ниет бар», – деді Г.Головкин.