Бұған дейін оның америкалық боксшылардың бірімен жұдырықтасатыны туралы айтылған болатын
Кәсіпқой бокстан супер орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы – мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (60-2-2, 39 КО) келесі қарсыласы кім болатыны анықталды.
ESPN журналисі Сальвадор Родригестің хабарлауынша, Альварес 4 мамырда болатын жекпе-жегін өз отандасы Хайме Мунгияға (43-0, 34 КО) қарсы өткізеді. Бокс кеші Лас-Вегаста өтеді деп жоспарлануда.
Еске салайық, бұған дейін Альварес мексикалық телеарнадан арнайы мәлімдеме жасап, келесі жекпе-жегі 4 мамырда АҚШ-та өтетінін, ал қарсыласы америкалық боксшы болуы ықтимал екенін мәлімдеген болатын.