Жарнама
Жарнама

Украина Головкин басқаратын ұйымның шешіміне қарсы шықты

Редактор
Бүгін, 11:44

World Boxing ресейлік боксшыларға қатысты шектеулерді алып тастаған еді

World boxing

Украина бокс федерациясы World Boxing ұйымының ресейлік спортшыларға халықаралық жарыстарға ұлттық туы мен әнұраны астында қатысуға қайта рұқсат беру туралы шешіміне қарсылық білдірді.

Федерация мәлімдемесінде бұл шешіммен келіспейтіні айтылып, ұйымға ресми наразылық жолданғаны хабарланды.

«Украина бокс федерациясы World Boxing ұйымының ресейлік спортшыларды халықаралық жарыстарға ұлттық рәміздерімен қайтару туралы шешімін үзілді-кесілді қолдамайды. Ресми наразылық жолданды. Біз бұдан әрі де украин боксының мүддесі мен халықаралық спорттың негізгі қағидаттарын қорғауды жалғастырамыз», – делінген федерацияның мәлімдемесінде.

Еске салайық, 30 шілдеде World Boxing ресейлік боксшыларға қатысты шектеулерді алып тастап, енді олардың ұйымның турнирлерінде Ресейдің мемлекеттік туы мен әнұраны астында өнер көрсетуіне рұқсат берілгенін жариялаған болатын. Бұған дейін ресейлік спортшылар тек бейтарап мәртебеде ғана қатыса алатын.

Бұған дейін World Boxing президенті Геннадий Головкин басқаратын ұйым белорусьтік боксшыларға қатысты шектеулерді де алып тастаған еді. Ал 2026 жылдың сәуірінде ұйымның атқарушы кеңесі Ресей мен Беларусь спортшыларының халықаралық жарыстарға бейтарап мәртебеде қатысуын мақұлдаған болатын.

Ресейдің спорт министрі Михаил Дегтяревтің айтуынша, Ресей бокс федерациясы 2026 жылдың басында World Boxing ұйымының толыққанды мүшесі атанып, енді барлық жас санатындағы спортшылар халықаралық жарыстарға ұлттық рәміздермен қатыса алады.

Айта кетейік, Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті қызметіне 2025 жылдың қарашасында кірісті. Бұл ұйым Халықаралық Олимпиада комитетінің мандатына сәйкес Олимпиада ойындарындағы бокс турнирін ұйымдастыруға жауап береді және бокстың 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасында сақталуына ықпал етті.

Реклама
Реклама