Америкалық кәсіпқой боксшы Ресей азаматтығын алмақшы

Редактор
28.02.2024, 12:24

33 жастағы спортшы рингте небәрі 4 жекпе-жек өткізген

Матч-ТВ

Америкалық кәсіпқой боксшы Деандре Сэвейдж Ресей азаматтығын алуға ниет білдірді деп хабарлады «Матч ТВ». Телеарнаға бұл туралы Мемлекеттік Дума депутаты Никита Румянцев айтқан.

«Бұл әзірге тек ауызша талқыланған мәселе. Бірақ, біз Сэвейджге құжат рәсімдеуге барынша көмектесеміз», - деді депутат.

Белгілі болғандай, Деандре Сэвейдж 2 наурызда Ресейдің Белгород қаласында жергілікті боксшы Дмитрий Кудряшевпен жұдырықтасады. Ресей боксшысының жасы 38-де екенін айта кету керек. Ол 32 жекпе-жек өткізіп, оның алтауында жеңілген. Ал, америкалықтың еншісінде небәрі 4 жекпе-жек және 4 жеңіс.