Жарнама
Жарнама

Екі салмақта әлем чемпионы атанамын - Жәнібек Әлімханұлы

Редактор
15.08.2026, 12:55

Әлімханұлы Ширазға қарсы титулдық жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

x.com/ringmagazine

Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атануға міндетті үміткер болып бекітілгеннен кейін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

Бұл салмақтағы WBO белбеуінің қазіргі иесі – Ұлыбританиялық Хамза Шираз. Ол кәсіпқой мансабында 24 жеңіс, 19 нокаут және бір тең нәтиже тіркеген.

Жәнібек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы кездесуді асыға күтіп отырғанын жазды.

«Бұл жекпе-жекті асыға күтіп отырмын! Жақында екі салмақта әлем чемпионы атанамын!», – деді қазақстандық боксшы.

Бұған дейін WBO Жәнібек Әлімханұлына қатысты допингке байланысты уақытша шеттету шешімін жойып, оның кәсіпқой боксқа қайта оралуына мүмкіндік берді. Осыдан кейін қазақстандық спортшы 76 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атағына ресми міндетті үміткер мәртебесін алды.

Айта кетейік, Шираз бұған дейін Жәнібекпен орта салмақта жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда британдық боксшы кейін екінші орта салмаққа көтеріліп, WBO чемпионы атанды. Енді екі боксшының жекпе-жегі 76 келіге дейінгі салмақта өтуі мүмкін.

Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы рекорды – 17 жеңіс, оның 12-сі нокаутпен.

Реклама
Реклама