Жарнама
Жарнама

Өзбек боксының аңызы қайтыс болды

Редактор
Бүгін, 15:54

Айрықша стилі үшін жанкүйерлері оны «Ташкент жолбарысы» атап кеткен

gazeta.uz

Ташкентте өзбек боксының аңызына айналған Руфат Рискиев 77 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы Өзбекстанның ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

Белгілі болғандай, марқұм ұзақ уақыт сырқаттанған. 2016 жылы оның оң аяғын қан-тамыр тромбозының асқынуы салдарынан ампутация жасаған екен.

Руфат Рискиев – Өзбекстан тарихындағы бокстан алғаш әлем чемпионы. 1974 жылы Гаванада өткен әлем біріншілігінде ол алтыннан алқа таққан еді. Ал, араға екі жыл салып Канадада өткен Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанды.

Өзінің спорттық мансабында Рискиев АҚШ, Куба, Аустрия, Испания және бұрынғы Югославияда өткен халықаралық турнирлердің жеңімпазы атанған. Ол – өзбек боксының аңызы. Айрықша стилі үшін жанкүйерлері оны «Ташкент жолбарысы» атап кеткен.

Реклама
Реклама