Даңқты боксшы Крис Юбенк келесі қарсылас ретінде Жәнібек Әлімханұлын таңдауы мүмкін

Редактор
29.02.2024, 01:01

Ол – әлемнің экс-чемпионы

Fightnews.info

Британдық танымал боксшы кіші Крис Юбенк (33-3, 24 KO) келесі қарсыласы ретінде үш боксшыны қарастырып жатыр. Олардың арасында WBO және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (33-3, 24 КО) бар. Екеуара кездесудің өту ықтималдығы өте жоғары деп хабарлады Talksport.com.

Британдық спортшының промоутері Калле Зауэрлендтің айтуынша, қарастырылып жатқан өзге екі боксшы – Кристің жерлестері Конор Бенн мен Келл Брук.

«Өткен аптада біз Криспен ашық сөйлестік. Бізде нұсқалар көп. Мәселен, Брук немесе екі титул үшін Әлімханұлымен жекпе-жек. Брукпен кездесу Ұлыбритания аудиториясы үшін керемет болар еді, бірақ халықаралық деңгейге шығамыз десек – Әлімханұлы дұрыс. Біз қаржылай жағынан қайсысы көбірек пайда алып келеді, соны таңдаймыз», - деді промоутер.

Кіші Юбенктің WBO белбеуіне үміткер болуына мүмкіндік көп, ол осы тұжырым рейтингінің екінші орнында тұр. 

Былтыр желтоқсанда Юбенк Әлімханұлы үшін промоутерімен ренжісіп қалғанын айтқан болатын. Қазақ боксшысымен IBO белбеуі үшін жұдырықтасуға дайындалып жатқанда менеджері оған бейтаныс боксшы Этиноса Олиханы тауып әкелген.