«Бірінші раундта құлатам»: Жәнібек Әлімханұлы Юбенктің командасына жауап берді

Редактор
29.02.2024, 10:45

Кіші Крис Юбенк – әлемнің экс-чемпионы

Instagram/janibek_alimkhanuly

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO/IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кіші Крис Юбенкпен болуы мүмкін жекпе-жекке қатысты өз пікірін білдірді.

Еске салайық, бұған дейін Юбенктің промоутері Калле Зауэрланд қарсылас ретінде үш боксшыны қарастырып жатқанын, олардың қатарында Әлімханұлы бар екенін мәлімдеген болатын. «Қайсысы ақшалай табысты көп әкеледі, сонымен жекпе-жек өткіземіз», - деген еді бокс менеджері.

Жәнібек болса тәжірибелі Юбенкті бірінші раундта құлататынына сенімді.

«Юбенк? Кім ол? Боксшы ма? Чемпион ба? Егер боксшы болса мен оны бірінші раундта құлатамын, Иншалла», - деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Еске салайық, бұған дейінгі сұхбаттарының бірінде Жәнібек даңқты мексикалық боксшы Сауль Альваресті бір раунда үш рет құлататынын айтып мақтанған болатын.