Жарнама
Жарнама

Усик босатқан IBF белбеуі жаңа иесін тапты

Редактор
30.08.2026, 11:59

Филип Хргович Итауманы нокаутпен жеңіп, Усик босатқан IBF белбеуін иеленді

Getty Images

Хорватиялық аса ауыр салмақ өкілі Филип Хргович Лондонда өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде британдық Мозес Итауманы тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіп, IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.

Кездесуде IBF-тің аса ауыр салмақтағы бос чемпиондық белбеуі сарапқа салынды. Бұл атақты бұған дейін Александр Усик босатқан еді.

Жекпе-жектің алғашқы бөлігі 21 жастағы Итауманың пайдасына өтті. Жылдамдығын тиімді пайдаланған британдық екінші раундта Хрговичті нокдаунға түсірді. Алайда хорватиялық боксшы айқасты жалғастырып, біртіндеп жекпе-жектің барысын өзгерте бастады.

Кездесудің екінші жартысында Хргович қысымды күшейтіп, қарсыласын шаршатты. Сегізінші раундта Итауманың қарқыны бәсеңдесе, тоғызыншы раундта хорваттың сериялы шабуылдарынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Сол сәтте Итауманың бұрышы да ақ сүлгі лақтырған.

Осылайша Филип Хргович мансабында алғаш рет толыққанды әлем чемпионы атағына қол жеткізді. 34 жастағы хорватиялық боксшының еншісінде енді 21 жеңіс бар, оның 16-сын мерзімінен бұрын аяқтаған. Ол кәсіпқой рингте бір рет қана — Даниэль Дюбуаға есе жіберген.

Ал Мозес Итаума кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Бұған дейін британдық 14 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, оның 12-сін нокаутпен аяқтаған еді.

Реклама
Реклама