Украиналық боксшы 42 нокауты бар Уайлдермен кездеседі
Украиналық боксшы Александр Усик келесі жекпе-жегін 2027 жылдың наурыз айында АҚШ-та өткізуі мүмкін. Оның ықтимал қарсыласы – ауыр салмақтағы бұрынғы WBC чемпионы Деонтей Уайлдер.
Бұл туралы The Ring журналисі Майк Коппинджер Усиктің кеңесшісі Сергей Лапинге сілтеме жасап хабарлады.
Усик 2027 жылдың наурызында АҚШ-та Уайлдермен жұдырықтасуды жоспарлап отыр. Бұл оның АҚШ-тағы алғашқы ірі жекпе-жегі болмақ. Қазір келіссөздер жалғасып жатыр, — деді Лапин.
Әзірге кездесудің нақты өтетін қаласы мен аренасы анықталған жоқ. Сондықтан жекпе-жек ресми бекітілгенге дейін оның мерзімі өзгеруі мүмкін.
Усик кәсіпқой рингте 25 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 16-сын мерзімінен бұрын аяқтады. Соңғы рет украиналық боксшы 2026 жылғы 24 мамырда Гизада Рико Верхувенді 11-раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Ал Уайлдердің еншісінде 43 жеңіс, төрт жеңіліс және бір тең нәтиже бар. Америкалық боксшы 42 қарсыласын нокаутқа түсірген. Ол соңғы жекпе-жегінде Дерек Чисораны төрешілердің бөлек шешімімен жеңді.
Егер тараптар келісімге келсе, Усик пен Уайлдердің кездесуі 2027 жылдың ең ірі бокс оқиғаларының біріне айналуы мүмкін.