Жарнама
Жарнама

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын тығырыққа тіреді

Редактор
Бүгін, 11:55

Жәнібек Әлімханұлы Ширазға сес көрсетті

әлеуметтік желі

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хамза Ширазға әлеуметтік желі арқылы кезекті мәрте үндеу жасады.

«Түнгі қорқыныш» деген сайын шынымен де боксшылардың түнгі қорқынышына айналып бара жатқан жоқпыз ба осы? Шын чемпион ба, жоқ па — бір-екі күнде белгілі болады. Күтейік!», — деп жазды Әлімханұлы X желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін Дүниежүзілік бокс ұйымы Жәнібекті Шираздың міндетті қарсыласы деп бекітіп, тараптарға келісімге келу үшін 20 күн берген. Келіссөз мерзімі аяқталуға жақын. Егер екі команда ортақ шешімге келе алмаса, жекпе-жекті ұйымдастыру құқығы промоутерлік саудаға шығарылады.

WBO шешімінен кейін Шираз қазақстандық боксшының допингке қатысты бұрынғы дауын алға тартып, ұйымның шешімін сынға алған болатын.

— Шынымды айтсам, мұны әзіл деп санаймын. WBO-ның шешімі — бокс үшін ұят. Допинг сынамасынан оң нәтиже шыққан спортшыға мүмкіндік беріп отыр. Мұның мәнін түсінбеймін, — деген еді британиялық боксшы.

Реклама
Реклама