Жәнібек Әлімханұлы – WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы
X әлеуметтік желісінде британдық бокс және жалпы кәсіпқой бокс туралы ақпарат тарататын EverythingBoxing аккаунты промоутер Калле Зауэрландтың мәлімдемесіне жауап берді.
Бұған дейін бокс менеджері кіші Крис Юбенк (33-3, 24 КО) алдағы жекпе-жегіне қарсылас ретінде үш боксшыны қарастырып жатқанын, олардың бірі Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) екенін айтқан.
Британдық ресурстың жазуынша, Юбенк пен Әлімханұлының жекпе-жек өткізуі екіталай. Өйткені, мұндай бокс кездесуін ақылы трансляция арқылы сату тиімсіз, яғни өзін ақтамайды.
«Калле Юбенк пен қазақ боксшысының арасында PPV негізінде жекпе-жек ұйымдастырамын деп айтып отыр. Мұндай жекпе-жек болмайды. Жәнібекті ешкім танымайды, ақылы көрсетілім ұйымдастыра алмайды», - деп жазды EverythingBoxing аккаунты.
Калле Зауэрланд та Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық титулдарына қарамастан АҚШ пен Ұлыбританияда аса танымал емес боксшы деп атаған болатын.