«Головкиннің ізбасары»: Сұлтан Зауырбек 17-ші жеңісіне қол жеткізді

Редактор
02.03.2024, 10:29

Ол бірде-бір рет жеңіліп көрмеген

instagram.com/sultanzaurbek/

Кәсіпқой бокстан жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Сұлтан Зауырбек жеңіліссіз сериясын жалғастырды. Англияның Телфорт қаласында жерлесіміз 29 жастағы колумбиялық Виктор Хулиомен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетіп отыр.

Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек толық болып, қазақ боксшысы қарсыласына еш мүмекіндік бермеді. Бұл оның кәсіпқой рингтегі 17-ші жеңісі. Зауырбек бірде-бір рет жеңіліп көрмеген.

Шымкент тумасы жекпе-жектерін негізінен Ұлыбританияда өткізіп келеді. Ол өзін «Қазақ патшасы» деп атаса, көпшілік оны «Головкиннің ізбасары» деп айтып жүр. Қазір Сұлтан WBA рейтингінде бесінші орында тұрса, IBF-те 13-ші сатыда.