Италиядағы лицензиялық турнирге қатысатын қазақ боксшыларының қарсыластары анықталды

Редактор
03.03.2024, 01:07

Әзірге тек Қамшыбек Қоңқабаевта ғана жолдама бар

Қазақстан бокс федерациясы

3 наурызда Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан халықаралық турнир жалауын көтереді. Аталған жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Париж олимпиадасына жолдама берілетіні белгілі. Бүгін жеребе тартылып, қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды. 

3 наурызда 51, 71, +92 келідегі боксшылар шаршы рингке көтеріледі. Еліміздің атынан 51 келіде Сәкен Бибосынов Гонконг боксшысы Хин Каннез Там Чунмен, ал 71 келідегі капитанымыз Аслан Шымбергенов Финляндия спортшысы Сэм Мороватимен кездеседі.

Өзге боксшыларымыздың қарсыластары мынадай:

57 кг

Махмұд Сабырхан – Ладеса Фикремариам Лета (Эфиопия)

63,5 кг

Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Доннел Филлип (Тринидад және Тобаго)

80 кг

Нұрбек Оралбай – Кедрик Белони-Дулиепре (Гаити)

92 кг

Айбек Оралбай – Санжит Санжит (Үндістан)

Жарысқа 114 елден 668 боксшы қатысып жатыр. Ерлер боксында барлығы 28 жолдама үлестіріледі.

Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан еншісінде әзірге екі жолдама бар. 2023 жылғы жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен әйелдерден 57 келідегі Карина Ибрагимова Париж олимпиадасына баруға мүмкіндік алған еді.