Өзбекстандағы қазақ боксшысы Олимпиада жолдамасы үшін таласады

Редактор
03.03.2024, 17:46

Ол былтыр әлем чемпионы болған

olamsport.com

Италияның Бусто-Арсицио қаласында жалауын көтерген бокстан халықаралық турнирге Өбекстан құрамасындағы қазақ боксшысы Руслан Абдуллаев та қатысып жатыр.

Өзбекстан құрамасы аталған жарысқа тоғыз боксшы апарған, оның төртеуі – ерлер, қалған бесеуі – боксшы қыздар.

Ерлер:

-63.5 кг: Руслан Абдуллаев
-71 кг: Асадхужа Муйдинхужаев
-80 кг: Турабек Хабибуллаев
-92 кг: Лазизбек Мулложонов.

Қыздар:

-50 кг: Сабина Бобокулова
-57 кг: Ситора Турдибекова
-60 кг: Райхона Кадырова
-66 кг: Навбахор Хамидова
-75 кг: Азиза Зокирова.

Айта кетейік, Руслан Абдуллаев өз салмағында әлем чемпионы. Былтыр Ташкентте өткен әлем біріншілігінде қандасымыз қарсыластарының бәрін жеңіп, жарыс жеңімпазы атанған болатын.