Олимпиадаға лицензияны жартылай финалға шыққан боксшылар алады
Италияда Олимпиада ойындарының жолдамасын сарапқа салып жатқан боксшылар бүгін жарысты жалғастырады. Кеше алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастаған Сәкен Бибосынов (51 кг) келесі кездесуін кениялық Давид Манчария Каранжаға қарсы өткізбек.
Осы салмақта жарыс фавориттерінің бірі саналған италиялық Федерико Серра бірінші айналымнан аса алмады. Ол филиппиндік боксшыдан жеңілді.
Бүгін шаршы алаңға 57 келіде өнер көрсететін Махмұд Сабырхан мен 80 келіде Нұрбек Оралбай шығады. Сабырханның қарсыласы – эфиопиялық Ладеса Фикремариам Лета болса, Нұрбек Гаити аралынан келген Кедрик Белони-Дулиепремен жұдырықтасады.