Махмұд Сабырхан лицензиялық турнирде эфиопиялық қарсыласын оңай жеңіп, келесі айналымға шықты

Редактор
04.03.2024, 15:56

Кешкі бағдарламада Нұрбек Оралбай шаршы алаңға шығады

Қазақстан бокс федерациясы

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирде Махмұд Сабырхан (57 келі) алғашқы айналымда жеңіске жетті.

Жарыстағы бірінші жекпе-жегін жерлесіміз эфиопияоық боксшы Ядеса Фикремариам Летамен өткізді. Үш раундтың нәтижесі бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан қазақ боксшысына берді.

Бүгін сондай-ақ, 80 келіде өнер көрсететін Нұрбек Оралбай да шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы – гаитилік Седрик Белони-Дюльепре.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасынан Сәкен Бибосынов пен Римма Волосенко алғашқы жекпе-жектерін жеңген болатын.