Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

АҚШ-та Геннадий Головкиннің кәсіпқой боксқа қайта оралуы мүмкін екенін айтты

Редактор
05.03.2024, 12:30

Оның чемпиондық титулға таласуға әлі де әлеуеті бар дейді америкалық маман

AP/TASS

Жуырда ғана еліміздің Ұлттық Олимпиада комитетіне президент болып сайланған Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы мансабын ресми аяқтаған жоқ. Сондықтан ол алдағы жақын уақытта рингке қайта оралып, соңғы жекпе-жегін өткізуі мүмкін деп мәлімдеді worldboxingnews.net сайтының редакторы Фил Джей.

«Геннадий Головкин Қазақстанда жаңа қызметке тағайындалғанына қарамастан бұрынғыша жекпе-жек өткізу ұсынысына әлі де ашық. GGG соңғы рет 2022 жылы рингке шықса да мансабын ресми аяқтаған жоқ. Өз мансабына нүкте қоймайынша оның есігі ашық қала береді», - деп жазды журналист.

Фил Джей сондай-ақ, GGG рингке оралса кімдермен жұдырықтасуы мүмкін екеніне де тоқталды.

«Егер Головкин рингте тағы бір жекпе-жек өткізуге келіссе, ол супер орта салмақта немесе жартылапй ауыр салмақта өтуі мүмкін. «Жыл боксшысы» атағын төрт рет алған боксшы 160 фунтта жекпе-жек өткізуге екі жыл бұрын міндеттелген еді. Міндетін әлі орындамады. 

Ал, қазір «Канело» 168 фунтта және төрт бірдей чемпиондық титулға ие. Оған Геннадиймен жұдырықтасу тиімсіз, сондықтан келіспейді. Демек, Головкин чемпиондық титул алу үшін соңғы жекпе-жегін 175 фунтта өткізуі мүмкін. Бұрынғы атақ-даңқы бар, соңғы екі кездесуін жеңгені бар – кез-келген бокс ұйымы оған чемпиондық жекпе-жек ұйымдастырып беруден бас тартпайды», - деп ойын жеткізді Фил Джей.

Ол сондай-ақ, Головкиннің кез-келген шешімі спорт әлемінде оң қабылданатынын да айтып отыр. Яғни, рингке қайта шыққысы келмесе де оны ешкім айыптамайды.

Жарнама
Жарнама