Нұрбек Оралбай гаитилік боксшыны айқын жеңді

Редактор
04.03.2024, 18:20

Келесі жекпе-жегін ол 8 наурызда өткізеді

Қазақстан бокс федерациясы

Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензилық турнирде Нұрбек Оралбай бірінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті.

80 келіде өнер көрсеткен жерлесіміз Гаити елінің өкілі Кедрик Белони-Дюльепремен жұдырықтасты. Жекпе-жек басталғаннан тізгінді қолында ұстаған Нұрбек қарсыласынан әлдеқайда шеберлігін көрсетіп, еш қиындықсыз келесі айналымға шықты.

Айта кетейік, бүгін күндізгі бағдарламада Махмұд Сабырхан жұдырықтасқан болатын. Ол да эфиопиялық қарсыласын еш қиындықсыз жеңіп, келесі айналымға шықты.