Асланбек Шымбергенов қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді

Редактор
05.03.2024, 23:46

Жарыстың жартылай финалы мен финалы өтпейді

Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Италияда өтіп жатқан Олипиадаға жолдама беретін турнирде ұлттық құраманың капитаны, Әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов жеңіске жетті. 71 келіде сынға түскен отандасымыз бірінші кездесуінде Финляндия өкілі Сэм Мороватимен жұдырықтасып, екінші раундта техникалық нокаут тіркелді.

Бүгінгі сында әйелдер құрамасының мүшесі 60 келідегі Римма Волосенко да жеңіске жеткен болатын. Сонымен бірге, турнир басталғалы бері Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Нұрбек Оралбай алғашқы кездесуден сүрінбей өтті.

Италияда басталған Париж олимпиадасына жолдама беретін турнирде жартылай және финалдық жекпе-жектер өтпейді. Бұл жолы ширек финалда жеңіске жеткен боксшылар Олимпиада жолдамасын бірден иеленеді. 

Бусто-Арсицио қаласында бокстан ерлер арасында – 28, әйелдер арасында 21 жолдама өз иесін табады.